Мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов рақымшылық жасау туралы өтініш берген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады. Кешірім беру туралы өтініш биыл наурызда жолданған.
Айта кетейік, Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық іске аса құпия грифі белгіленіп, 2023 жылдың сәуірінде Астана соты оны 18 жылға бас бостандығынан айырған болатын.
Ғабит Ұзақбай