«Таза Қазақстан» акциясы әр аймақта жалпыхалықтық эко-челленджге айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таза Қазақстан» акциясы әр аймақта жалпыхалықтық эко-челленджге айналды

10.06.2024

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Amanat» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады. 6 маусымда партияның 12 мың мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері республика бойынша аумақтарды тазалауға шықты. 

«Таза Қазақстан» акциясы әр аймақта жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Шараға Астана, Көкшетау, Өскемен, Қарағанды, Ақтау және ақтөбелік еріктілер де атсалысты. Челлендж аясында ақтөбеліктер қала аумағынан 120 тонна қоқыс шығарды. Тек облыс орталығының өзінде сенбілікке мыңнан аса адам қатысты.

Эко челленджден шымкенттіктер де қалыс қалмады. Қала тұрғындары әр апта сайын ұйымдастырылатын бейсенбілікте демалыс орындарының аумағын күл-қоқыстан тазартты.

Хабарламаларға жазылу