Таразда оқушылар «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда оқушылар «Таза Қазақстан» акциясына атсалысты

10.06.2024

Таразда талантты оқушылар қоқыстан қолөнер бұйымдарын жасап, «Таза Қазақстан» акциясына ат салысты. Өнерлі өрендердің 200-ге жуық туындысы арнайы көрмеге қойылған.

Көз тартатын түрлі бұйымдар қатарында картиналар, қуыршақтар мен балбал тастар да бар. Олардың барлығы қағаз қалдығы, темір қалбырлары, мата мен пластиктен жасалған. Балалар қоқыс қалдықтарын көше мен аулалардың алдынан теріп алған. Айта кетейік, аймақта "Таза Қазақстан" акциясы басталғалы 1700-ден аса сенбілік өтті. Оған 220 мыңнан аса тұрғын қатысты.

Томирис Шапаева, Оқушы:

Мұндағы менің бастапқы ойым - керексіз заттардан керекті дүниені жасап шығару. Бұл картина үйдегі, қолдағы бар заттардан жасалған. Мысалға пенаплас және матаның қалдықтары.


Хабарламаларға жазылу