Австрияда төпелеп жауған жаңбырдан кейбір аудандарды су басты. Әсіресе елдің Стирия аймағындағы жағдай қиын. Мұнда инфрақұрылымға орасан шығын келген. Талай үй тасқынның ортасында қалып, жолдар бұзылды.
Сондықтан кейбір елді мекендердің тұрғындары Еуропарламент сайлауында дауыс бере алмаған. Адам шығыны туралы мәлімет түскен жоқ. Австрия метеорологиялық институтының дерегінше, жаңбыр бүгін-ертең қайта құюы мүмкін.