Қарағанды облысында 14 пәтерді заңсыз иеленген қылмыстық топ құрықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 14 пәтерді заңсыз иеленген қылмыстық топ құрықталды

10.06.2024

Қарағанды облысында 14 пәтерді заңсыз иеленген қылмыстық топ құрықталды. 28 адамнан тұратын топ құрамында заңгерлер, адвокаттар мен нотариус та болған. Барлығы қамауға алынды. Олар түрлі әдіспен зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың онымен қоса алкоголь мен есірткіге тәуелділігі бар адамдардың үйлерін тартып алып, заңсыз рәсімдеп келген.

Қуандық Алпыс, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

Тінту іс-шараларын жүргізу барысында әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың жеке деректеріне қатысты көптеген құжаттар тәркіленді. Олардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүргізіліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу