Облыс бойынша соңғы 5 айда қасақана жеңіл дене жарақатын салған 402 дерек тіркелген. Отбасылық жанжал кезінде ұрып-соғуға дейін барған 315 іс сотта қаралып, 107 адам жауапқа тартылды. Осы күнге дейін мұндай құқық бұзушылықтар әкімшілік іспен қаралып келді.
Енді балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жазасы қатаң болады. Бүгінде 15 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қазір құқық қорғау органдарының өкілдері халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ризабек Ожаров, Облыс Прокуроры:
Осы өзгерістер биылғы 15 маусымнан бастап күшіне енеді. Сол себептен, қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша былтыр әкімшілік соттармен 1300-ден астам іс қаралып, 500 адам жауапкершілікке тартылды. Осы ретте өзгерістерге сәйкес аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар қылмыстық құқық бұзушылық санатына өтетін болады.