Павлодар облысында 5 млрд теңге болатын жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 5 млрд теңге болатын жайылымдық жер мемлекетке қайтарылды

08.06.2024

Павлодар облысы Аққулы ауданында шаруашылық мақсаттағы 36 мың гектар жер жылдар бойы пайдаланылмай бос жатқан. Ал, осы аумақтарды рәсімдеп алған адамдар мал ұстамақ түгіл, шаруашылық ашпаған. Сонымен қатар ауылдық округтерге тиесілі 24 мың гектар жер шаруа қожалықтарына заңсыз берілген. Мемлекеттік мекемелер тарапынан ымырашылдыққа жол берілгенін анықтаған прокуратура жауапты тұлғаларды тәртіптік жазаға тартып, бір ай ішінде кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын жайылым жерді халыққа қайтарып берді.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу