Ақтөбе облысында жоғалған баланың мәйіті өзеннен табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жоғалған баланың мәйіті өзеннен табылды

08.06.2024

 Ақтөбе қаласында бес күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен баланың денесі судан табылды. 13 жастағы Абдукәрім Жетіру аутизмен ауырған.

Туыстары одан үйдің ауласы ашық қалған кезде көз жазып қалған. Іздестіру шараларына полицейлер, құтқарушылар мен еріктілерден құралған бес жүзден аса адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, әр түрлі техникалар мен тікұшаққа дейін тартылған еді. Баланың денесі бүгін таңертең Елек өзенінен, жағалаудан 15 метр жерден табылды. Полицейлердің айтуынша, марқұмның денесінде зорлық белгілері жоқ.

Әсет Қалиев, қалалық полиция басқармасының бастығы:

Сарапшының қатысуымен қарау жүргізілді. Нәтижесінде қандай да болмасын дене жарақаттары анықталған жоқ. Баланың денесіне сараптама тағайындалды. Бес тәулікке созылған іздеу шаралары аяқталды.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу