385 мың қазақстандық несие алудан өз еркімен бас тартқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

385 мың қазақстандық несие алудан өз еркімен бас тартқан

07.06.2024

385 мың қазақстандық несие алудан өз еркімен бас тартқан. Яғни, олар eGov.kz порталы арқылы банктен немесе басқа да қаржы ұйымдарынан қарыз алуға өз-өзіне шектеу қойған. Енді, бұл азаматтарға 6 ай көлемінде кредит берілмейді.

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов мәлімдеді. Дегенмен, бұдан қазақстандықтардың микро несие көлемі азая қойған жоқ. Жыл басынан бері қаржы ұйымдары 525 млрд теңгеге қарыз рәсімдеген.

Олжас Қизатов, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары:

Несиеден өз еркімен бас тарту нормасынан кейін микронесие көлемі азаяды деп ойламаймыз. Негізінен бұл интернет алаяқтардың жұмысына тосқауыл қою мақсатында қабылданған. Әрі екінші деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарына қосымша жауапкершілік жүктейді. Яғни, олар қарыз алудан бас тартқан адамның атына сол уақытта несие рәсімдесе, оны автоматты түрде қарыз есебінен шығаруға мәжбүр болады.


Хабарламаларға жазылу