Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен, 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ.