Бразилияда тасқыннан зардап шеккен штат қалпына келтіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда тасқыннан зардап шеккен штат қалпына келтіріледі

07.06.2024

Бразилияда сәуірдің соңында алапат су тасқынынан зардап шеккен Риу-Гранди-ду-Сул штаты қайта қалпына келтіріледі. Мұны президент Луис Инасиу Лула да Силва мәлімдеді. Мемлекет басшысының айтуынша, табиғи апаттан қираған ғимараттар орнына жаңалары салынады.

Алайда, олардың батпақ үстіне тұрғызылмауын қадағалау қажет деп мәлімдеді. Бұған қоса, Бразилия президенті, жұмысты барынша тез жүргізулі тапсырған. Сәуірдің соңында болған тасқыннан, Риу-Гранди-ду-Сул штатында 172 адам қаза тапты. 570 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.


Хабарламаларға жазылу