Мексикада қарақшылар Котиха қаласының әйел мэрін атып кетті. Бұл туралы «Рейтер» агенттігі хабарлайды. Оқиға Клаудия Шейнбаум ел президенті болып сайланғаннан кейін бірнеше сағаттан соң болған. Мэр Иоланда Санчесті қаскөйлер 19 мәрте атқан. Ол ауруханада көз жұмды. Оның оққағары да атыс кезінде қаза тапқан. Қылмыскерлер әлі ұсталған жоқ. Бұған дейін қарулы топтар, қала мэрінен армия мен ұлттық гвардияға қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін орындатпауды талап етіп келген.