Алматыдағы метро қызметкерлері ірі сомманы ұрлады деген күдікке ілінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы метро қызметкерлері ірі сомманы ұрлады деген күдікке ілінді

07.06.2024

Алматы метросының қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бас көлік прокуратурасының тексеріс қорытындысы бойынша күдіктілер локомотивтерге арналған бастапқы резеңке серіппелерді 137 млн теңгеге көтерілген бағамен сатып алған.

Бұл тұжырымды аталмыш мекеменің аудиторлық есебі де растап отыр. Енді осыған қатысты Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр. Қадағалау органы квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі заң бұзушылықтарды анықтауды жалғастырып жатыр.


Хабарламаларға жазылу