Әйгілі италиялық суретші Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасы Қазақстан музейіне қойылды. Туындының түпнұсқасын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барып тамашалады. Көрме Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай ұйымдастырылған. Елорда тұрғындары мен қонақтары, Леонардо да Винчидің картинасын 4-тамызға дейін тамашалай алады.
Сонымен қатар, Президентке қазақстандық талантты қылқалам шеберлерінің туындылары жинақталған «Дала кескіндемесі: рәміздер, бояулар, бейнелер» атты көрмені таныстырылды.
Оңғар Олпысбайұлы