«Amanat» партиясы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» партиясы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жариялады

06.06.2024

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы әр апта сайын ұйымдастырылатын «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын бастады. Бүгін партияның 12 мың мүшесі мен «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері республика бойынша аумақтарды тазалауға шықты. Астанада партия мүшелері заңсыз қоқыс алаңына айналған қараусыз учаскені ретке келтірді.

Даулет Кәрібек, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқанын бастай отырып, бұл бір реттік акция емес екенін ерекше атап өтті, әрбір үй, аула, тұрғын үй кешені, саябақ және басқа да нысандар назардан тыс қалмауға тиіс. «AMANAT» партиясының мүшелері аталған науқанға алғашқы күннен-ақ белсенді қатысуда. «Жастар Рухы» жастар қанатының шамамен 4 мыңға жуық волонтері су тасқынынан зардап шеккен жандардың баспанасын ретке келтіруге көмектесті. Енді әр апта сайын ел аумағында түрлі учаскелерде қоқыс жинау жұмысын ұйымдастырамыз.

Ғабит Ұзақбай


Хабарламаларға жазылу