Ресейде коронавирустың жаңа түрі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде коронавирустың жаңа түрі тіркелді

06.06.2024

Ресейде «Гибралтар» безгегі анықталды. Сонымен бірге коронавирустың жаңа түрі тарап жатыр. Кесел АҚШ, Ұлыбритания, Еуропа және Израильде де тіркелген. Жағдайды баяндау үшін бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі меншікті тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, сіз эфирдесіз.

Индира Бегайдар, тілші:

Қазақстанмен шекаралас Самара облысында карантиндік шектеулер енгізіле бастады. Мұның себебі шаруашылықтардың бірінде гибралтар безгегі анықталды. Бактерия ет пен сүт арқылы тарауы мүмкін, сондықтан мамандар қауіпсіздік талаптарын сақтау керектігін ескертеді. Өйткені індет адамға жұғуы ықтимал.

Андрей Продеус, дәрігер:

Бұл ауру түрі адамға жұққанда әрине ауыр түрде өтеді, буындарға кері әсер етеді. Бірақ статистика бойынша бұл індетті жұқтырғандардың 1-2 пайызы қайтыс болған. Сондықтан белгілері байқалса, бірден дәрігерге хабарлау керек.

Сондай-ақ Ресейде коронавирустың FLIRT деп аталатын жаңа түрі тарауда. Қазірге дейін дертті 200-ге жуық адам жұқтырған. Оның белгілері омикронға ұқсас. Дене қызуы көтеріліп, бұлшық ет ауырады, адам иіс сезбеуі мүмкін. Соңғы шығарылған вакциналар жаңа вирусқа қарсы иммунитет қалыптастыра алады дейді мамандар.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу