Көкшетауда Бұқпа тауының бөктері қоқыстан тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда Бұқпа тауының бөктері қоқыстан тазартылды

06.06.2024

Көкшетауда «Amanat» партиясының 100-ге жуық қызметкері мен еріктілер Бұқпа тауының бөктерін күл-қоқыстан тазартты. Бұл жұмыс әлі де жалғасады. Алдағы күндері тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасы абаттандырылмақ. Кейін өзен-көлдердің жағалаулары тазартылып, қала көшелерін көгалдандыру жұмыстары басталады.

Еркін Әбішев, «Amanat» партиясы Ақмола облыстық филиалының қызметкері:

«Таза Қазақстан» акциясын естіп, біз де ұжым болып, барлығымыз шығып, қаламызды қоқыстан тазартуға бәріміз қатысып жатырмыз. Осылай апта сайын шығып тұрамыз. Қаламызды таза ұстауға біз де әрдайым күш-қуатымызды жұмсап, бірге қатысамыз.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу