Режиссер Камила Сағынтқанның шығармасы «Ең үздік қысқаметражды фильм» аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды. Қазақстандық көркем туынды Лондонда өткен Еуразиялық фильмдер фестивалінде көзге түсті. 16 минуттық «Тәуелсіздік күні құтты болсын» фильмі сүйген жары бақилық болып, өмірдің мәнін жоғалтқан орта жастағы ер кісі туралы. Отандық өнім сарапшылар мен көрерменнің жоғары бағасына ие болды. Еуразиялық шығармашылық гильдиясы ұйымдастырған кинофестиваль биыл алтыншы рет өткізілді. Оған қатысуға 100-ге жуық үміткер ниет білдірген.
Джон Фарндон, сарапшы:
Орталық Азиялық киногерлердің сенімділігінің нығая түскені сезіледі. Олар шығармашылықтарын шыңдап, батыс көрерменіне бір қадам жақын бола түсті. Өмірімізге басқа қырынан қарауға мүмкіндік бергені қуантады.
Марина Бекенова