Ресейде орман өрті өршіді. Бір күнде 500-ге жуық өрт тіркеліп, оны ауыздықтауға 1500-нан астам маман жұмылдырылды. Забайкалье және Бурятия өңірлерінде федералды деңгейдегі төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл аймақтарда 2,5 мың гектар аумақты қамтитын үш орман өрті сөндірілген. 96,7 мың гектар аумақта тілсіз жаумен күрес әлі де жалғасып жатыр. Жалпы Ресей бойынша 179 мың гектар жерде орман өрті дес бермей тұр.
Индира Бегайдар