Елімізде ақшаны алаяқтардан қорғайтын антифрод-орталық құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде ақшаны алаяқтардан қорғайтын антифрод-орталық құрылады

05.06.2024

Елімізде халықтың ақшасын алаяқтардан қорғайтын антифрод-орталық құрылады. Ол қаржы ұйымдары, құқық қорғау органдары, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары қосылатын технологиялық платформа болады.

Осы платформа күдікті немесе алаяқтық операциялар бойынша сол мезетте қаржы нарығы субъектілері арасында деректер алмасып, аударымдарды бұғаттауға қауқарлы. Ұлттық банктің хабарлауынша, жоба 22-ші шілдеде, цифрландыру мәселелері бойынша тиісті заң күшіне енген сәттен бастап іске қосылады.


Хабарламаларға жазылу