Президент Қатар әмірімен телефон арқылы тілдесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қатар әмірімен телефон арқылы тілдесті

05.06.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі талқыланды.

Әрі Қазақстан Президентінің биыл Қатарға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жайы сөз болды. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Қатардың қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екеніндерін растады.


Хабарламаларға жазылу