Утильалым бойынша петицияны қарайтын жұмыс тобының құрамы анықталды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады. Жұмыс тобына Парламент депутаттары, бірнеше ведмствоның вице-министрлері және петицияны ұйымдастырушылар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енген. Жұмыс тобы утильалым мен алғашқы тіркеу жарнасын алып тастау туралы петицияны қарайды. Оның қорытындысын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қосымша баяндайды.
Ғабит Ұзақбай