Мемлекет басшысы Қазақстанның Беларусь еліне жаңадан тағайындалған елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкіл Тимур Жақсылықовты қабылдады. Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы елшіге қазақ-беларусь стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту маңызды екенін айтты. Сондай-ақ екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту, ТМД-ның жарғылық органдарымен ықпалдастықты ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
Нұрсұлтан Тілектес