Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы құрылыс барысын онлайн бақылауға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасқыннан зардап шеккен аймақтардағы құрылыс барысын онлайн бақылауға болады

03.06.2024

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы құрылыс барысын онлайн бақылау жүйесі іске қосылды. Бүгінде жаңа баспана салынып жатқан 6 облыста Sergek бейнебақылау камералары орнатылған. Яғни, Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы баспана құрылысының қалай жүріп жатқанын онлайн бақылауға болады. Ол үшін gov.kz сайтына кіру қажет. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, бұл су тасқынынан зардап шеккен елдімекендерді тез қалпына келтіруге және құрылыстың мерзімінде аяқталуына сеп болады.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу