Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығы диқандарға кедергі болып тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығы диқандарға кедергі болып тұр

03.06.2024

Ақмола облысында күн райының қолайсыздығынан егін егу науқаны кешігіп жатыр. Толассыз жауған жаңбырдың кесірінен шаруалар алқаптың 66 пайызын ғана игеріп үлгерген. Жалпы 5 млн гектардан астам жерге тұқым себілуі тиіс. Қазір диқандар дәнді жерге тезірек сіңіру үшін күндіз-түні бел жазбай еңбектенуде. Егістікке қажет тұқым қоры жеткілікті. Биыл облысқа 83 мың тонна дизель отыны бөлінген. Тең жартысы шаруаларға үлестіріліп берілді.

Еркеш Әленов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

Енді бәрі сақадай сай жұмыс жасап жатыр. Шаруашылықтар әр күнін, әр сағатын тиімді пайдалануға қазір құлшынып тұр. Енді күн әрі қарай жылыса, бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын. Бұл күзгі жауған жауын егінге әсер етуі мүмкін. Көктемгі жауған жауын, ол әсер етпейді.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу