Үндістанда сынап бағанасы 53 градусты көрсетіп тұр. Аптап ыстықтан кем дегенде 50 адам қаза тапқан. Делиде құстар мен жабайы маймылдар күннің ыстығына шыдамай, есінен танып жатыр. Елдің бірқатар өңірінде мектептерде сабақ тоқтатылды. Дүкендер жабылып, көше босап қалған. Тұрғындар мейілінше далаға шықпай, үйде отыруға мәжбүр. Күннің шыжуынан елде су дағдарысы туындады. Тіршілік нәріне сұраныс артқан. Өзендердегі су мөлшері де азайған. Халықты сумен қамту үшін, жергілікті билік автоцистерналармен су тарату пунктерін ашты.
Арай Төлегенқызы