Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мәселесі бойынша "111" сенім телефонына 8 айда 12 мың адам хабарласқан. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі жедел уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.
Ал қыркүйектен бастап 100-ден астам мектепке буллингке қарсы бағдарлама енгізіледі. Оқушылар тоқсан сайын 1 сағаттан зорлық-зомбылыққа қарсы сабақ өтеді. Бағдларлама 3 жылда барлық мектепті қамтымақ.
Динара Закиева, ҚР Бала құқықтары жөніндегі жедел уәкіл:
Мемлекет басшысы балаларға қатысты мәселелерге үнемі назар аударып келеді. Президент бастамасымен елімізде балаларға арналған біраз іс-шаралар жүргізілуде. Мысалы, ұлттық қор балаларға бағдарламасы, Қазақстан халқының қорының 67 әлеуметтік жобалары балаларға жүзеге асуда, Жайлы мектеп жобасы, балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң қабылданды.
Тәуірбек Бозекен