Қостанай облысында 27 үй салынып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 27 үй салынып жатыр

31.05.2024

Тасқын кезінде Қостанай облысындағы Амангелді ауданында 13 елдімекенге су кіріп, 162 үй зақымданған. Қазір оның барлығы техникалық тексерістен өтті. 98 үй қалпына келтіруге жарамсыз. Баспанасыз қалған 30 отбасына Арқалық қаласынан пәтер берілді. Мұның сыртында ауданда 48 үй салынбақшы. Соның 27-сінің құрылысы жүріп жатыр.

Нұрлан Қойшығұлов, аудандық құрылыс бөлімінің басшысы:
Негізі мердігерлер Қостанай қаласынан кеп жатыр. Тапсырыс беруші облыстық құрылыс басқармасы. Біз негізі ауданнан жер бөлу мәселелерін шешіп беріп жатырмыз. Уақытша электр желісін тартып беру, су тартып беру. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу