Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарын нысанды аралап көруден бастады. Әуежай соңғы технологияларды пайдална отырып, әлемдік стандартқа сай салынған. 10 баллға дейінгі жер сілкінісіне төтеп бере алады.
Оңғар Алпысбайұлы тілші:
Бұл терминалдың басқалардан басты ерекшелігі экологиялық стандарттарға сай етіп салынған. Құнды табиғи ресурстарды барынша үнемдеуге мүмкіндік береді. Яғни, тура осындай ғимараттарға қарағанда энергияны 40 пайызға, суды 20 пайызға аз жұмсауға болады. Құрылыстың өзіне материалдар 20 пайызға аз жұмсалған.
Ал, құрылысын осыдан тура екі жыл бұрын, Президент өзі бастап берген. Сол кезде инвесторлар мен құрылысшылардың алдына мерзімі мен сапасына қатысты нақты тапсырма жүктеді. Екі міндет те мінсіз атқарылды. Бүгін халықаралық әуежай ұшақ қабылдауға сақадай-сай.
Серкан Каптан, «Tav Airports Holding» компаниясының бас директоры:Бүгін айтулы күн. Өйткені Алматы әуежайының ашылғанына 100 жыл толды. Соңғы жылдары жүк тасымалы да, жолаушылар ағымы да еселеп артты. Сондықтан жаңа терминал салу өте маңызды міндетке айналған.
Юмит Казак, «Tav Construction» бас директоры:Бұл терминал әлемдік стандарттарға сай келеді. Жолаушыларға қызмет көрсетуі, өрт қауіпсіздігі, жер сілкінісіне төзімділігі өте жоғары деңгейде.
Ескі терминал жылына 2,7 миллион халыққа қызмет көрсетуге шақталған. Дегенмен былтырдың өзінде Алматыға ұшақпен 9 миллионнан астам адам қатынады. Ал жаңа терминал 14 миллион жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы.
Одан бөлек, Қазақстан арқылы тасымалданатын жүктің көлемін еселеп арттыруға мүмкіндік береді.
Марат Қарабаев, ҚР көлік министрі:Қазіргі КАРГО терминал жүктерді тасымалдайтың терминалдың қуаттылығы 100 мыңнан аспайды. Және әр жылы шектеулі болған соң 90 мың 98 мың, 100 мың жүк тасымалдайды. Қазір енді жаңа терминал құрылып жатыр. Оның қуаттылығы 200 мыңға жететін болады. Яғни Қазақстан Европа мен Азия арасындағы шынайы логистикалық хабқа айналады. Оның ішінде осы әуежайлық хабқа айналады.
Мемлекет басшысына мамандар құрылыстың қалай жүргізілгені жөнінде баяндап, жолаушыларды тіркеу, шекара және кедендік бақылау аймақтары, жүк бөлімі таныстырды.
Бекежан Нүсіпбаев, Алматы шекаралық бақылау басқармасының бастығы:Жаңа терминалда халықаралық рейстердің ұшып келу залында 32 паспорттық бақылау каьбиналары мен ұшып кету салы 20 кабиналармен жабдықталған. Олардың саны қолданыстағы терминалмен салыстырғанда 40 пайызға ұлғайтылған. Барлық кабиналар техникалық құралдармен қамтамасыз етілген.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:Шетелден келген Қазақстан азаматтарын шекаралық бақылаудан жылдам өткізу үшін E Gate жүйесі іске қосылған. ол үшін азаматттың паспорты және отырғызу талоны керек. Биометриялық бақылауды өткеннен кейін сіз Қазақстан шекарасындасыз. Бар-жоғы 15 секунд уақытыңызды алады.
Жалпы, ғимарат ішінде жолаушыларға барынша жағдай жасалған. Алматы әуежайын дамытуға 780 млн доллар құйған. Бүгінге дейін оның 600-ден астамы игерілді.
Николай Подгузов, Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы:Біз банк ретінде, инвестор ретінде Алматыдағы жұмысымызды ары қарай жалғастыруға дайынбыз. Жаңа терминалдың құрылысына негізгі 4 инвестор қатыстық. Жоба аяқталғанына өте қуаныштымыз. Енді ескі терминалды жөндеу жұмыстарына да белсене араласамыз деп жоспарлап отырмыз.
Жаңа терминал тек халықаралық рейстерге қызмет көрсетеді. Ендігі жоспар ескісін күрделі жөндеуден өткізу. Ол ішкі рейстерге бағытталмақ.
Оңғар Алпысбайұлы