Майқайыңдағы апатқа 21 адам кінәлі деп танылуы мүмкін. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің басшысы Төлеген Оспанқұлов айтты. Спикердің дерегіне қарағанда, тексеру әлі жүріп жатқандықтан нақты айту қиын. Сол күйі жоғалған автобус жүргізушісі мен тағы бір құтқарушыны іздеу жұмыстары тоқтап тұр. Өйткені, опырылған аумақ басқа адамдардың өміріне қауіпті. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 4-ші қаңтарында Майқайыңда көлік жолы опырылып, тереңдігі 66 метр шұңқырға 4 адам отырған автобус құлаған болатын. Екі құтқарушының денесі табылды. Бұл төрт адамның да отбасыларына кәсіпорын тарапынан материалдық көмек көрсетілді. Несие қарыздары жабылды.
Болат Аманбаев