Бразилияның су басқан аудандарында ауру тарап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияның су басқан аудандарында ауру тарап жатыр

31.05.2024

Бразилияның Рио-Гранди-ду-Сул штатының су басқан аудандарында түрлі жұқпалы аурулар тарап жатыр. Болжамдарға қарағанда, лептоспироз инфекциясына 2 мыңнан астам тұрғын шалдықса керек. Бұл штатта сәуір айының соңына жауындар басталып, одан өзендер мен көлдер тасыды. Соңғы мәліметке қарағанда, су апатынан 170-ке жуық адам қаза тауып, 580 мың бразилиялық үйлерін тастап кеткен.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу