Елімізде дәрі-дәрмекті таңбалау міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде дәрі-дәрмекті таңбалау міндеттеледі

30.05.2024

Ал еліміздегі дәріханаларда сатылатын медициналық преператтардың 12 пайызы жалған. Көлеңкелі бизнестің кесірінен бюджетке салықтан жыл сайын 32 млрд теңгедей аз түседі. Сертификаты жоқ дәрі-дәрмек адам денсаулығы мен өміріне аса қауіпті. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі 1 шілдеден бастап медициналық препараттарды таңбалауды міндеттеп жатыр. Сарапшылар бұл алыс-жақын шетелдермен алыс-беріске де оң әсер етеді дейді. Дегенмен, депутататтар фармацевтикалық өнімдерді таңбалау мерзімін кейінге шегеруді ұсынып отыр. Себебі, бұған ауыл-аймақтағы мекемелер дайын емес. Салдарынан шағын дәріханалар жабылып, нарықта дәрі-дәрмек бағасы өсуі мүмкін екенін айтады.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу