Петропавлда тасқын салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға арналған 87 пәтер сатып алынды. Бұл тұруға жарамсыз деп танылған үйлердің бірі. Бағалау қорытындысына сәйкес, облыста 1720 баспана жөндеуге келмейді. Олардың 80 пайызы Петропавл қаласында орналасқан. Табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарға «Қызылжар Асар»қоғамдық қоры есебінен тағы да пәтерлер сатып алу жоспарланған. 87 отбасының басым бөлігі жаңа қоныстарына көшіп үлгерді. Солардың бірі - Дарья Мокевич. Бұған дейін Ойқала шағын ауданында тұрып келген ол қаланың қақ ортасынан 3 бөлмелі пәтерге ие болды.
Дарья Мокевич, Петропавл қаласының тұрғыны:Біз мәселе тез шешіледі деп күтпеген едік. Қалалық әкімдікке өтініш бергеннен кейін кемінде 2 айда жауап аламыз деп ойладық. Пәтер бірден табыла кетті. Сатушының шотына тиісті қаржы 3 күнде түсті. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын беріп жатқан азаматтарға алғысым шексіз.
Қазір Петропавлдың «Солнечный 2» кентінде 500 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Облыстық әкімдіктің мәліметіне сәйкес, жуырда тағы да 200-інің іргетасы қаланады. Жаңа баспаналарды қыс түскенге дейін халық игілігне тапсыру жоспарланған. Су басқан 2178 үй күрделі жөнделеді.
Тимур Әбдіреш, СҚО әкімінің баспасөз хатшысы:136 үйге жөндеу жүргізілуде. Барлығы 270 үйдің иесі мехбригадалармен жөндеу жүргізуге өзінің келісімін берді. 1 мыңнан асмтам үйге өздері жөндеу жүргізуге олардың шоттарына ақша жіберілетін болады.
Эльмира Кәленова