Президент хорват халқын ұлттық мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент хорват халқын ұлттық мерекесімен құттықтады

30.05.2024

Мемлекет басшысы Хорватия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Зоран МилАновичті және хорват халқын ұлттық мереке – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

Президент өз сөзінде Хорватия- Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп жатқанын атап өтті. Астана мен Загреб арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достыққа сүйене отырып, ынтымағымыздың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында, елдеріміздің сан қырлы байланыстары болашақта одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта. Мемлекет басшысы достас хорват халқына құт-береке тіледі.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу