Бурабайдың әкімі қатаң сөгіс алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайдың әкімі қатаң сөгіс алды

30.05.2024

Ақмола облысында кәсіпкерден қосымша жұмыс істеуін талап кеткен әкімге қатаң сөгіс жарияланды. Бурабай кентінің басшысы алаңды абаттандыру бойынша тендерді ұтып алған серіктестікке, жобалық-сметалық құжаттамада қарастырылмаған міндеттерді жүктеген. Осылайша, жеке компанияға 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Мұны облыстық прокуратура тексеріс барысында анықтады.


Меруерт Байболова, облыстық прокуратураның басқарма прокуроры:

Қозғалған тәртіптік іс бойынша аудан әкімі Бурабай кентінің әкіміне «қатаң сөгіс» түрінде тәртіптік жаза қолдануы ұсынылды. Аудан әкімінің үкімімен Бурабай кентінің әкіміне жоғарыда аталған тәртіптік жаза қолданылды.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу