Елімізде 1,6 мың адам еңбекақысын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 1,6 мың адам еңбекақысын ала алмай жүр

29.05.2024

Елімізде кәсіпорындар жұмысшыларға 700 миллион теңгеге жуық қарыз. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 29 мекеме жұмысшыларына жалақы төлемей келген. Еңбекақысын даулап жүргендер мың жарымнан асады. Ведомство мәліметінше қазір жалақыны төлету жұмыстары жүріп жатыр. Еңбек құқығын бұзған жұмыс берушілерге қатысты хаттама толтырылып, айыппұл да салынбақ.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу