Президент: Терроризмнің таралуына жол бермеу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Терроризмнің таралуына жол бермеу керек

29.05.2024

Халықаралық терроризмнің таралуына жол бермеу керек. Ол үшін заңнамалық және ұйымдастырушылық база мен дұрыс ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі кешенді тәсілдерді жетілдіру қажет. Бүгін Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Жиында терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевпен бірқатар салалық мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу