Елордада XIII Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясы басталды. 3 күнге жалғасатын Халықаралық жиынға АҚШ, Қытай, Жапония секілді 10-нан аса мемлекеттен сарапшылар қатысуда. Шара аясында кітапханадағы қызметтерді жақсарту үшін жасанды интеллектіні пайдалану бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылған. Ал шараның басты мақсаты - әлемдегі кітапханалар арасындағы серіктестікті нығайту.
Джералд Кавана, NU кітапхана директоры:
Еуразиялық академиялық кітапханалар конференциясының Қазақстанда өтіп жатқаны үлкен мәртебе. Шараның басты мақсаты - кітапханадағы мемнеджмен жүйесін заман талабына сай жаңғырту және жаңарту. Бірнеше елден келген білікті сарапшылар өз тәжірибелерін ортаға салып жатыр. Ол дегеніміз – болашақта байланыс әлі де нығайып, әлемдегі кітапханалар бірлесіп, жүйелі түрде жұмыс істеуге көшеді деген сөз.
Тәуірбек Бозекен