АҚШ-тың Техас, Кентукки және өзге штаттарында алапат дауылдан электр жүйесі істен шығып, 700-ден аса үй мен кәсіпорын жарықсыз қалды. Сонымен қатар, өткен аптаның аяғынан бері төрт штатта торнадодан қаза тапқандар саны 21-ге жетіп отыр. Ал Далласта жауындатып жеткен дауылдан ағаштар мен жарнама баннерлер құлап, кейбір аудандарды су басқан.
Құрама Штаттардың Ұлттық метеорология қызметінің хабарлауынша, елдің орталық бөлігінде ауа-райы әлі бірнеше күн қолайсыз болады.
Арыстан Рысбек