Үндістанда аптап ыстықтан 6 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда аптап ыстықтан 6 адам қайтыс болды

29.05.2024

Үндістанның батысындағы Раджастан штатында аптап ыстықтан кемінде 6 адам қайтыс болды. Мұны осы елдің Апаттармен күрес министрлігі хабарлап отыр. Оның дерегінше, тұрғындар күн өткеннен жан тәсілім етіпті. Ал ауаның температурасы осы аймақтың Бармер қаласында 48 градусқа дейін көтерілген.

Жергілікті синоптиктер ескерткендей, алдағы уақытта елдің солтүстігіндегі Пунджаб және Харьяна штаттарында да күн мейлінше ысуы мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу