Жайықтың суы Атырау – Астрахань бағытындағы айналма жолдың су өткізу құбырын бұзды. Осыған байланысты көлік қозғалысын ретке келтіру үшін жолдың жанындағы құрылысы аяқталмаған көпірді ашуға тура келді. Атырау – Орал, Атырау – Индер бағытындағы жолды су басқандықтан, көліктер осы айналма жол арқылы қатынайтын. Бұған дейін тәулігіне 6 мыңға дейін көлік жүретін жолдың қазіргі жүктемесі 8 мыңға жетіп отыр. Келген суды теңізге қарай кедергісіз өткізіп жіберу үшін бұл жер тағы 2 метрге қазылып, диаметрі 100 см болатын 6 құбыр салынды. Жұмыстар бір тәулікке жалғасып, көлік қозғалысы үшін жол ашылды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт