Әзербайжан шекарашылары Армениямен шекаралас төрт ауылды өз бақылауына алды. Осылайша, Ереванмен жасалған делимитациялық келісім бойынша, алты жарым шаршы шақырым аумақ Бакудың қарамағына қайтарылып отыр. Армения адам тұрмайтын төрт елдімекенді Әзербайжанға қайтаратынын сәуірде мәлімдеді. Айта кету керек, бұл даулы территория екі ел арасында бейбіт келісім жасауға үлкен кедергі жасап отыр.
Арыстан Рысбек