Қазақстан көрші елдерге бензин экспорттамақ. Энергетика министрлігі қазір соның жолдарын қарастырып жатыр. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, қазір елімізде жанармай жеткілікті. Биыл төрт айдың өзінде 6 миллион тоннаға жуық мұнай өңделген. Бұл былтырмен салыстырғанда айтарлықтай көп. Оның үстіне елдегі жанармай қоры ұлғайтылып жатыр. Қазір солярканың 40, бензиннің 30 күнге жететін қоры бар. Әрі ол үнемі толықтырылып отырады. Енді бірнеше жылда мұнай өңдеу көлемін екі еседей арттыру көзделген. Министр бұл ішкі нарықты 100% қамтып қана қоймай, көрші елдерге экспорттауға мүмкіндік береді дейді.
Досжан Маратұлы