13 ауданнан келген бригадалар үйлерді қалпына келтіріп жатыр. Ал өздері жөндегісі келген азаматтарға жобалық-сметалық құжаттарға сай құрылыс материалдары беріледі. Мәселен Былғары зауыты шағын ауданында 103 үйдің 66-сы тұруға жарамсыз деп танылған.
Сергей Ковалев, Петропавл қаласының тұрғыны:Мен құрылыс материалдарын сатып алуға бірге бардым. Үйімді Есіл ауданынан келген арнайы бригада жөндеп береді. Маған солай тиімді. Өзім құрылысшымын, бәрін қадағалап, басы-қасында жүрмін. Жігіттердің жұмысы көңілімнен шықты.
Тасқыннан кейін облыс орталығынан 3 мың тонна қоқыс шығарылды. Сенбіліктер әлі де жалғасуда. Үйлерді бағалау жұмысы аяқталды. Қорытындысы жақында жарияланады. Облыс бойынша 4 мыңға жуық үйді су басқан. Оның басым бөлігі Петропавл қаласында орналасқан.
Ержан Мұстафин, Есіл ауданы әкімінің орынбасары:Осы үйде смета бойынша 1 млн 8 мың теңге шықты. Бір үйге график бойынша 10 күндей уақыт керек, монтаж жасау үшін. Кәсіби құрылысшылар - осында жұмыс істеп жатқан жігіттер. Оның ішінде штукатуркалар бар, электрик, малярлар, плотниктар бар.
Эльмира Кәленова