Қытайда Қазақстанның сауда ортылығы ашылады. Онда отандық өнімдермен қатар, Орталық Азия елдерінің тауарлары сатылады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Қытайға сапары кезінде белгілі болды.
Тараптардың наурыз айында бекіткен жобасына сай, Нанкин қаласында 11 ғимарат салу жоспарланған. Осы нысаннан Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері үшін төрт қабатты бөлек павильон қарастырылған.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
Аймақтық байланысты ортату үшін наурыз айында Қазақстан, «Орталық Азия – Цзянсу» орталығын құу туралы келісімге қол қойды. QazTrade компаниясы халықаралық SOHO холдингпен осы жұмысты қолға алды. Шамамен, қыркүйекте 2 мың шаршы метр аумақта Қазақстандық өнімдермен бірге Орталық Азия елдерінің тауарлары сатылымға шығады. Ол жұмысты QazTrade компаниясы ұйымдастырады.