Утиль алымға қарсы петицияға 50 мың адам қол қойған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Утиль алымға қарсы петицияға 50 мың адам қол қойған

28.05.2024

Утиль алымға қарсы петицияға 50 мың адам қол қойған. Осыған байланысты Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жақында комиссия құрылатынын айтты. Халықтың пікірі ескеріледі, - деді. Ведомство басшысы комиссия мүшелері бірқатар өндіруші зауыттарға баруы мүмкін екенін жеткізді.

Содан кейін комиссия қорытындысы жарияланып, қоғамдық тыңдалым өтпек. Барлық процеске шамамен 40 күндей кетеді, - дейді министр. 24 мамырдан 5 шілдеге дейін қол қойылған петицияға заң аясында жауап беретінін айтты.


Хабарламаларға жазылу