Оралдағы кірпіш зауытында 51 жастағы ер азамат қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдағы кірпіш зауытында 51 жастағы ер азамат қайтыс болды

28.05.2024

Оралдағы кірпіш зауытында 51 жастағы ер азамат қайтыс болды. Оны кәсіпорындағы құрылғы қысып қалған. Көптеген дене жарақатын алған жұмысшы жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.

Өңірде арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Жергілікті полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.


Хабарламаларға жазылу