Өзбекстанда атом электр стансасы салынады. Ресей президенті Владимир Путиннің Ташкентке сапары аясында тиісті келісімге қол қойылды. Алдағы жазда Жызақ облысында қуаты 330 МВт болатын нысанның құрылысы басталмақ.
Құрылыс жұмыстары «Росатом»-ның жетекшілігімен жүзеге асады. Өзбекстанда энергиялық ресурстарға сұраныс еселеп артып барады. Ал жүйенің тұрақтылығы мен экономиканың дамуы үшін тың энергия көзі қажет.
Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Президенті:
Сіздің мемлекеттік сапарыңыздың тарихи маңызға ие деп айтуға болады. Бұл біздің елдеріміз арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастардың жаңа кезеңі басталғанын айғақтайды.