Жас жазушы, журналист Жәмилә Бахтиярқызының «Бәйшешек» кітабы түрікшеге аударылып, көпшілікке таныстырылды. Бұл шараға Түркияда оқитын студенттермен қатар Қазақстаннан барған қонақтар да қатысты. 10 жасында сирек дертке шалдығып, 9 жыл бойы ауруханада жатқан Жәмилә бұл кітапта өзінің ауыр науқаспен қалай күрескенін, өмірге деген құлшынысын баяндайды. Әлемнің сегіз тіліне аударылған кітапты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та оқып, оң бағасын берген.
Фадихан Керей, Студент:
Айтады ғой адамды жасына емес ақылына қарай бағалау керек деп. Бұл кісінің өмірде Алланың сынақтарынан өткеніне қарап мен үлкен мотивация алдым. Өмірге деген құштарлығы, алдына қойған өзінің мақсаттарын орындай алуынан мен де сондай мақсат алдым. Мен де болашақта өз мақсаттарымды жеңілдікпен мотивациямен орындап шығатын боламын.
Жәмилә Бахтиярқызы,кітап вторы:
Меніңше бұл кітапты оқыған әр оқырман қандай сынақ болса да өзіне бір қуат мотивация алады деген сенімдемін. Жастарға, өмірде жол таба алмай жүрген адамға жол көрсететін кітап болағынына шын сенемін.
Айдос Әшім