Алматы облысында 134 млн теңге жымқырған шенеуніктер сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 134 млн теңге жымқырған шенеуніктер сотталды

28.05.2024

Алматы облысында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған сегіз адамға қатысты сот үкімі шықты. Алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі Іле аудандық соты қарады. Күдіктілердің алтауы облыстық білім басқармасында лауазымды қызмет атқарған. Олар алдын ала сөз байласу арқылы балабақшаларды тіркеу туралы жалған құжат жасаған.

Осылайша, мемлекетке 134 млн теңге көлемінде залал келген. Сот шешімімен екі қызметкер 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Төрт айыпталушы 5 жылға сотталса, екі адамға 3 жыл 6 ай жаза кесілді.


Хабарламаларға жазылу